Көксай — Алматы облысы Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қаскелең қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 13 км-дей жерде, Ақсай өзені жағалауындағы бетеге, көде, т.б. астық тұқымдас шөптер өскен қоңыр, ақшыл қоңыр топырақты тау етегінің құрғақ даласында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен48357769 10439 134,4 3841 5266 137,1 3928 5173 131,7

Тарихы 1998 жылға дейін “Путь Ильича” ауылы деп аталып келген. Іргесі 1935 жылы Егіншілік ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе шаруашылығы ретінде қаланды. Оның негізінде Көксайда өндірістік кооператив, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Ауылда орта, орталау мектептер, кітапхана, мәдениет үйі, клуб, сауда орт., тұрмыстық қызмет көрсететін комбинаты, стадион, аурухана, емхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, т.б. бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Қарасай ауданы елді мекендері