Көксу — Түркістан облысы Шардара ауданындағы ауыл, Көксу ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шардара қаласынан солтүстікке қарай 35 км жерде, Сырдария өзені мен Қызылқұм каналының аралығындағы Шардара даласында бұта, көкпек, баялыш, т.б. шөптер өскен қуаң далада орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен56186125 6962 113,7 3162 3646 115,3 2963 3316 111,9

Тарихы Іргесі 1940 жылы ұйымдасқан «Көксу» қаракөл кеңшары орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары ұйымдасқан.

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, клуб, аурухана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.

Дереккөздер

Санат:Шардара ауданы елді мекендері