Ильинка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл, Ильин ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 37 км-дей жерде, Есіл өзенінің оң жағалауындағы бидайық, сұлыбас, бетеге басым өскен қара топырақты орманды дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1399 адам (680 ер адам және 719 әйел адам) болса, 2009 жылы 1258 адамды (628 ер адам және 630 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1897 жылы қаланған. Ильинкада алғашқы ұжымшар 1929 жылы құрылды. 1961 жылы ол көршілес Амангелді атындағы ұжымшармен, кейін Ильич атындағы кеңшармен бірікті. 1997 жылдан бастап кеңшар негізінде «Ильинское» ЖШС және 11 шаруа қожалығы ұйымдасқан.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, отбасылық дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дереккөздер
Санат:Есіл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) елді мекендері