Жүйнек (2007 жылға дейін – Коммуна)Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы — Түркістан облысы Сауран ауданындағы ауыл, Жүйнек ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен36405242 6332 120,8 2675 3180 118,9 2567 3152 122,8
Тарихы 1930 жылдан мақта өсіретін «Коммуна» ұжымшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Коммунада мақта, құс шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары құрылған.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Ауылда «Дильшад» ән-би ансамблі құрылған.
Дереккөздер
Санат:Сауран ауданы елді мекендері