Азғыр ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Балқұдық, Азғыр, Қоңыртерек ауылдары кіреді. Орталығы – Балқұдық ауылы“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9. Жер көлемі 275246 га.

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1999 адамды (1049 ер адам және 950 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Батыр аналар — 16, алтын алқа иелері — 1, күміс алқа иелері — 18.Атырау облысы Құрманғазы ауданының қысқаша энциклопедиясы. «ҚазПолиграфОрталығы» ЖШС, Алматы, 2001 +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Балқұдық 1997 2094 1899 1371 Азғыр 647 601 580 365 Қоңыртерек 443 450 376 263

Тарихы Бұл жерге XVIII ғасырдан бастап адамдар қоныс тепкен. 1924 жылы Азғыр өз алдына аудан болып құрылды. Оның құрамына Ноғайбай, Лаубай, Сүйіндік, Азғыр, Батырбек ауылдық кеңестері кірген. 1929-1930 жылдары Таубұйрат, Сүйіндік, Ноғайбай,Азғыр, Лабай, Батырбек ауылдық кеңестерінде Қоңыртерек, Сталин атындағы, Жас буын, Жас жігер, Серік, Мойынқос, Қарабұлақ тағы басқа серіктестіктер құрылады. 1931-1932 жылдары серіктестіктер негізінде «Тегіс», «Стаханов», «Жас буын», «Екпінді құрылыс», «Екпінді», «Алғабас», Сталин, Чкалов атындағы ұжымшарлар өмірге келді. 1930 жылы Азғыр ауданы тарап, Жаңақала ауданына қосылды. Бұдан кейін Азғырда бірнеше ұжымшарлар жұмыс істеді. Олар кейіннен біріктірілді. 1957 жылы алты ұжымшар қосылып, ірі ұжым -Балқұдық кеңшары құрылды. Кеңестер мен округ әкімдері Кеңестер мен округтерге жетекшілік жасағандар: М.Лұқпанов, Ә.Мәрсәлімов, Ө.Дайынов, М.Қуанышәлиев, Н.Әубекеров, Ж.Таңатаров, Н.Мұханбетов, Нүфтолла Хайруллин, А.Әбілғазиев, М.Кендіров, Н.Ахмурзин.Киелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5 Округтегі тарихи және мәдени ескерткіштер Ұлы Жеңістің 30 жылдығына арналған обелискҚұрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы ауданы ауылдық округтері