Жаңаталап ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік. 2018 жылға дейін Киров ауылдық округі деп аталған.Атырау облысы Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Әкімшілік құрамы Құрамына Хиуаз, Жасарал, Үлкенкүйген, Шағырлы ауылдары кіреді. Орталығы – Хиуаз ауылы"Қазақ энциклопедиясы", X том.
Тарихы Жаңаталап ауылдық округінің негізі 1920 жылы «Жасен шағырлысына» құрылған ауылдық кеңестен басталады, көп кешікпей Шешеген аралына көшіріліп, Нұржау кеңесі деп аталған. 1933-34 жылдары Дыңғызыл ауылдық кеңесінен бөлінген Қарағайлы ауылдық кеңесі Нұржау кеңесіне келіп қосылды да Зормата кеңесі деп аталды. 1962 жылы Зормата ауылдық кеңесі Дәшінге көшірілді де, Киров ауылдық кеңесі болып өзгерді. 1930 жылы Нұржауда Талап балық қабылдау-өңдеу батағасының негізінде құрылған «Қазақстан» балықшылар артелінен 1934 жылы «Жаңа талап - Коминтерн», «Жамбыл» колхоздары бөлініп шықты. 1962 жылы Киров және Зорматадағы «XX партсьезд» бірігіп Киров совхозы құрылды. Сол жылы «Киров» селолық кеңесі ұйымдасты.
Округте 30 жылдары ашылған Каганович атындағы бастауыш мектеп кейіннен 7 жылдыққа жетті. 1965 жылы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп болып өзгерді. Хиуаз (Дәшін) ауылында 1959 жылдан клуб жанындағы драма үйірмесі жұмыс жасады. 1965 жылы Алматы қаласындағы республикалық театрлардың байқауында Б.Майлиннің «Шұға» пьесасын сахналап, І-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Конкурс қорытындысымен «Халық театры» деген атаққа ие болды.
Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы №40 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 197- VI бірлескен шешімі негізінде Киров ауылдық округі Жаңаталап ауылдық округі болып Дәшін ауылы Хиуаз ауылы болып өзгертілдіКиелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5.
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3472 адамды (1775 ер адам және 1697 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Сипаттамасы Ауылдық округтегі елді мекендер: — Хиуаз, Жасарал, Үлкенкүйген, Шағырлы. Ескі елді мекендері: — Аяпберген, Ермен, Зормата, Конца, Қасиет, Қызылмұрын, Ленивый, Маймантұғыл, Мәнжік, Молотов, Мүршида-Жайық, Пертруха, Сильный, Шешен. Өзендері: — Өлеңді өзені, Ақтөбе өзені, Шора өзені, Дархан өзені, Зормата өзені, Аққалам шүңейт, Үштамақ. Көлдері: — Кіші Дәшін, Үлкен Дәшін көлдері, Қамал көлі.
Инфрақұрылымы Округте орта мектеп, бала-бақша, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, Дәулеткерей атындағы балалар музыка мектебі бар. Округ әкімі - Олжас Сержанұлы ТәжбаевКиров ауылдық округіне қарасты мемлекеттік органдар тізімі .
Округтегі тарихи және мәдени ескерткіштер Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге қойылған обелискі Федор Кузьмич Рудаковтың обелискісіҚұрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7
Дереккөздер
Санат:Құрманғазы ауданы ауылдық округтері