Көптоғай ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Көптоғай, Балықшы ауылдары кіреді. Орталығы – Көптоғай ауылы"Қазақ энциклопедиясы", X том.
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1138 адамды (599 ер адам және 539 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Округ ауданның батысында Қиғаш, Долинка өзендерінің аралығында орналасқан. Ертеден балық шаруашылығымен айналысқан бұл өңір тұрғындары соғыстан кейінгі жылдары егіншілікпен айналысты. Бұл жерде 1938 жылы Кордуан ауылдық кеңесі құрылған. Соғыстан кейін Панфилов атындағы колхоз құрылып, балықшылар өз кәсіптерімен айналысқан.
1968 жылы Құрманғазы атындағы совхоздың №3 ферма орталығы болып, қайта құрылып тұрғындар Дыңғызыл ауылдық округіне қарады. 1977 жылы маусым айында Республика Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Көптоғай жеміс-жидек, сүт совхозы құрылып, сол жылдың аяғында Көптоғай селолық кеңесі өз қызметін бастады.
Инфрақұрылымы Қазір ауылдық округте орта мектеп, балабақша, медпункт, байланыс бөлімшесі бар. 14 шаруа қожалықтары, 6 сауда нүктесі, Қиғаш езенімен өтетін жүзбелі паром жұмыс жасайды.Киелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5
Округтегі тарихи және мәдени ескерткіштер Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге қойылған обелискі Сапура Елеусінова тұрған үйдегі мемориалдық тақтаҚұрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7
Дереккөздер
Санат:Құрманғазы ауданы ауылдық округтері