Ақ шымшық () – торғайтәрізділер отрядына жататын отырықшы құс.
Ақ шымшық Ресей, Моңғолия, Орта Азияда және Қазақстанның Қызылорда облысынында кездеседі. Басы ақ, арқасы сұр, қанаттарының ұштары ақшыл. Қанаттары қоңырқай сұр. Алқымы мен жемсауы және төсі ашық сұр, бауыры ақ. Аналығының бауыры сарғыш жасыл. Қанаттарының ұзындығы 62,8 – 72 мм (аталығы), 61 – 68 мм (аналығы), салм. 12 – 14 г. А. ш. Тоғай, қамысты жерлерді, бұта тектес өсімдіктерді, бау-бақшаларды мекендейді. Ұясын ағаш қуыстарына салады. Ауа райының қолайсыз кезінде орын ауыстырады. Ақ шымшық орман, тоғай, бау-бақшаны бунақденелілерден тазартады.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Торғайтәрізділер Санат:Қауіптен тыс түрлер Санат:Шымшықтар тұқымдасы Санат:Еуразия құстары Санат:1770 жылы зерттелген жануарлар