thumb|right|200px Жаппас Қасымбекұлы Қаламбаев (11.1909, Созақ ауданы – 2.12.1970, Алматы) – қобызшы-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1944). Сүгірдің шәкірті.
Өмірбаяны 1934 ж. Алматы қаласында өткен халық өнерпаздарының Бүкілқазақстандық 1-слетіне қатысқан. 1934 – 1937 ж. Қазақ халық аспаптар оркестрінде альт-қобызшылар тобының концертмейстері және оркестр солисті болды. 1968 – 1970 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясында (қыл қобыз класы бойынша) ұстаздық етті.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Еңбектері Оның репертуарында негізінен Ықылас Дүкенұлының «Қазан», «Қасқырдың ұлығаны», «Қоңыр», «Жез киік», «Ерден», «Аққу», «Қамбар», «Кер толғау», т.б. күйлері болды. Сондай-ақ Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Дәулеткерей күйлерін, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Естай Беркімбаев әндерін орындаған. Қаламбаев көптеген күйлер мен әндердің («Кең өлке», «Күн толғауы», «Жұман күйі», «Қазақ маршы», «Еңбек маршы», «Амангелді маршы», т.б.) авторы. Шәкірттері: қобызшылар Г. Баязитова, Ф. Балғаева, Қ. Құдабаева, А. Шәңгереева, музыкатанушы Б. Сарыбаев, т.б.
Марапаттары Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-томОтырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2Майшекин М., Жаппас Қаламбаев // Мұрагерлер, А., 1977. Б. Жүсіп
Дереккөздер
Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1909 жылы туғандар Санат:Созақ ауданында туғандар Санат:2 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1970 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қобызшылар Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:КСРО сазгерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Қазақ халық аспаптар оркестрі тұлғалары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары