Китаб Ахбар әл-Бұлдан (“Өзге елдер туралы әңгімелер кітабы”) – географиялық, тарихи жинақ, Әбу Бәкр Ахмед әл-Хамаданидің шығармасы. Шамамен 902 – 903 ж. жазылған. Шығарманың түпнұсқасы 5 том, 2 мың беттей болған. Бірақ көп уақытқа дейін Әли аш-Шайзаридің (1022 ж. ш.) кітап мазмұнын қайталап айтуымен жұртшылыққа тараған. 1923 ж. Мешхедтен шығарманың 2-бөлімі табылды: онда Ирактың шығысындағы мемлекеттердің, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстанның географиясы жөнінде мағлұматтар бар. Автор бұл еңбегінде Әбу Осман Әмір әл-Жаhиздің, Әбу-л-Қасым Ұбайдоллаh ибн Хордадбехтің, Әбу-л-Аббас Ахмед әл-Белазуридің, т.б. географиялық шығармаларын, өз замандастарының ауызекі әңгімелері мен көрген-білгендерін пайдаланған. Кітаптың Орта Азия мен Қазақстанның географиясы жөніндегі бөлімдерінде оғыздардың, қимақтардың, т.б. түркі халықтарының қоныстануы мен әдет-ғұрпы, сауда қатынасы жөнінде тарихи этнография тарауы Талим ибн Бахр, ибн Хордадбехтің еңбектеріне сүйеніп жазылған. Сыр бойындағы қалалар мен қыстақтардың, Тараз аймағындағы елді мекендердің тізімі беріліп, Тараз қаласынан қимақ еліне шығатын сауда жолы сипатталады. “ Китаб Ахбар әл-Бұлдан” кейіннен Шамс әд-Дин Әбу Абдоллах Мұхаммед әл-Мұқаддаси, Әбу Жафар ат-Туси, т.б. еңбектерінде пайдаланылды. “Китаб Ахбар әл-Бұлдан” – Орта Азия мен Қазақстанның ортағасырлық тарихын зерттеушілер үшін құнды дерек көзі. Дереккөздер

Розен В.Р.,Рецензия на издание де Гуе труда ибн аль-Факиха, ЗВОРАО, в. 1, 1887;

Материалы по истории туркмен и Туркмении, т. 1, М. – Л., 1939;

Крачковский И.Ю.,Арабская географическая литература. Избр. соч. т. 4, М. – Л., 1957;

Волин С.Л.,Сведения арабских источников ҚX – XVҚ вв. о долине реки Талас и смежных районах, “Труды ИИАЭ АН КазССР”, т. 8, А.-А., 1960;

Караев Г.,Арабские и персидские источники ҚХ – ХҚҚ вв. о киргизах и Киргизии, Фрунзе, 1968.

Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

Розен В.Р., Рецензия на издание де Гуе труда ибн аль-Факиха, ЗВОРАО, в. 1, 1887; Материалы по истории туркмен и Туркмении, т. 1, М. – Л., 1939; Крачковский И.Ю., Арабская географическая литература. Избр. соч. т. 4, М. – Л., 1957; Волин С.Л., Сведения арабских источников ҚX – XVҚ вв. о долине реки Талас и смежных районах, “Труды ИИАЭ АН КазССР”, т. 8, А.-А., 1960; Караев Г., Арабские и персидские источники ҚХ – ХҚҚ вв. о киргизах и Киргизии, Фрунзе, 1968.

Санат:Тарих