Александр Николаевич Алексеенко (14 сәуір 1956 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы) – тарих ғылымының докторы (1994). Өскемен педагогика институтын (1978) бітірген. 1978–85 ж. Өскемен мәдени-ағарту училищесінде оқытушы, 1985–95 ж. Шығыс Қазақстан техника университетінің тарих факультетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, 1995–97 ж. Шығыс Қазақстан гуманитарлық институтында лаборатория меңгерушісі, 1997 жылдан Шығыс Қазақстан техника университетінің демографиялық зерттеу орталығының меңгерушісі қызметін атқарады. Алексеенко 27 ғылыми еңбек пен 3 монографияның авторы.
Шығармалар Население Казахстана (1920–1990 жж.), А., 1993; Народы Восточного Казахстана, Усть-Каменогорск, 1994.Қазақ энциклопедиясы
Сыртқы сілтемелер 50 лет Александру Николаевичу Алексеенко Основные публикации А.Н. Алексеенко
Санат:1956 жылы туғандар