АН Дон Дю (1898 ж. т.) – еңбек ардагері.
1930 – 40 ж. Шиелі ауданындағы «Авангард» ұжымшарында күріш егістік бригадасының бригадирі, 2-дүниежүзілік соғыс жылдары Қарағандыда шахтер болды. 1946 ж. Қызылорда облысындағы «Большевик» ұжымшарында күрішшілер звеносын басқарды.
1950 жылғы 20 маусымда Анға Социалдык Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені мен Алтын Жұлдыз медалі тапсырылды."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:1898 жылы туғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Шиелі ауданы тұлғалары Санат:Күрішшілер