Пригородное — Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы ауыл, Пригородный ауылдық әкімдігі орталығы, темір жол бекеті.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жітіқара қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 6 км жерде.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 2158 адам (1027 ер адам және 1131 әйел адам) болса, 2009 жылы 3028 адамды (1392 ер адам және 1636 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1958 жылы Қостанай — Жітіқара темір жолын салуға байланысты қаланған. Кентте кірпіш зауыты, автобаза, астық қоймасы, т.б. мекемелер бар. Ауыл арқылы Қостанай — Жітіқара автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Жітіқара ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері