Приречное — Абай облысы Жаңасемей ауданындағы ауыл, Приречный ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Семей қаласынан шығысқа қарай 10 км жерде, Ертіс өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен11711275 1002 78,6 635 517 81,4 640 485 75,8

Тарихы Ауыл 1976-96 жылдары Жаңасемей ауданының арнайы мал бордақылайтын бірлестігінің орталығы болған. Бірлестік негізінде Приречноеде және округтегі Гранитное, Жарқын, Мұздыбай, Шөптіқақ ауылдарында өндіріс кешені және шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы елді мекендері