Николай Федорович Шуклин (21.10.1916 жылы туған, Украина, Харьков облысы) – ветеринария ғылымының докторы (1980), профессор (1982). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері.

Өмірбаяны Харьков малдәрігерлік институтын бітірген (1937). 1969 жылдан Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) доцент, кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарған.

Ғылыми еңбектері Ғылыми еңбектері малдәрігерлік санитария мәселелеріне арналған. 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.

Марапаттары 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі», т.б. ордендермен марапатталған.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер:

Санат:Ғалымдар Санат:Харьков облысында туғандар