Юрий Аркадьевич Шустеров (8.9.1960 жылы туған, Қарағанды қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1998), профессор (1999).
Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1983, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Қарағанды облыстық ауруханасында дәрігер-окулист (1983–1986), офтальмолог-дәрігер (1986–1987). Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында ассистент (1990–1994); 1994 жылдан Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1998 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
Ғылыми еңбектері көз аурулары мәселесіне арналған. 130-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Шығармалары: Межслойная рефракционная тоннельная кератопластика (1999).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қазақстан офтальмологтары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы түлектері Санат:Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері Санат:Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының профессорлары