Құрылым — 1) құрамындағы бөлшектердің ішкі сипатына (кристалдық дәрежесіне, формасына, көлеміне және минерал бөлшектерінің өз арақатынасына) сәйкес келетін минералдардың түрі мен құрылысы, мысалы, шыны тәріздес түйірлі құрылым; 2) геологиялық шөгінділердің жатыс жағдайларының жиынтығы — төрткүл, моноклинді, қатпарлы, жақпарлы және тағы басқалар. Құрылым тектоникалық процестің нәтижесінде қалыптасады.

Дереккөздер Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

Санат:Геология