Рембаза — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Жұмыскер ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.Атырау облысы Атырау қаласының кейбір ауылдық округтері мен ауылдарын тарату туралы
Географиялық орны Атырау қаласының оңтүстігінде 2 км жерде, Жайықтың бойында орналасқан. Ауылда Атырау қаласының бірнеше кәсіпорындары мен жөндеу цехтары барҚазақ энциклопедиясы.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1993 адам (964 ер адам және 1029 әйел адам) болса, 2009 жылы 2625 адамды (1273 ер адам және 1352 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Атырау қалалық әкімдігінің таратылған елді мекендері