Сужелек , шатыршөп () – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Қазақстанның барлық аймағында – шалғынды жайылымдарда, өзен, көлдердің ылғалды, батпақты жағалауларында өсетін 3 түрі: сизартәрізді сужелкек (S. sіsarіoіdes), орташа сужелкек (S. medіum) және жалпақжапырақты сужелкек (S. latіfolіum) бар.
Бұлардың ішінде жиі кездесетіні – сизартәрізді сужелкек Оның биіктігі 50 – 80 см. Сабағының іші қуыс, сырты қырлы, ортаңғы бөлігінен бастап бұтақтанады. Жапырақтары жеке-дара орналасады. Төменгі жапырақтары сағақты, тақталары 4 не 5-ке бөлінеді. Жоғары жағындағылары үштен не бір-бірден жіңішке қандауыр тәрізді келеді. Тостағаншаларының шеті тегіс, желектерінің ұзындығы 1 мм-дей. Гүлдері ақ түсті, 20-дан бірігіп шатырша гүлшоғырын құрайды. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемісі піседі. Жемісі жұмыртқа тәрізді. Сужелкектің жемісі мен гүлінде эфир майы (80%-дай лимонен) болады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Дереккөздер
Санат:Шатыршагүлділер