Әлі Асқарұлы Жүсіпов (16 қыркүйек 1928, Тараз – 1974) – суретші-кескіндемеші.
Өмірбаяны Арғын ішінде - Қаракесек, Шаншар.
Санкт-Петербург көркемсурет институтын бітірген (1959).
Шығармалары “Бақыт” (1959) “Алатау” (1961) “Алматы маңындағы Алатау” (1962) “Алғашқы оқу” (1967) “Ардақты біздің аналар” (1967) “Ана” (1972) “Бурабайдағы күз” (1974), т.б. туындылары қазақ бейнелеу өнерінің тарихында елеулі із қалдырды.
Ол портрет жанрының шебері ретінде де танымал болды “Драматург Мұхамеджановтың портреті”, 1969; “Академик Марғұланның портреті”, 1971; “Автопортрет”, 1974).Қазақ энциклопедиясы
Абай туралы шығармасы Ол өзінің «Ойшыл ақын» атты еңбегіңде (1974-75, кенеп, майлы бояу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі) киіз үйдің ішіңде беймаза ойға шомған Абайдың бейнесі арқылы ақын шығармашылығы. Оның өнер мен өмір алдындағы жауапкершілігі мәселесін көтерген. Түстердің қарама-қарсы құбылыстарынан туындайтын бай бояу ерекшелігін, сызықтар мен бедерлеудің айқын үлгісін пайдалану арқылы, суреттің құрылымына ақынды қоршаған табиғи орта мен тұрмыстық көріністерді батыл енгізе отырып, Жүсіпов өз кейіпкерінің психологиялық мінез-құлқын аша тұскен.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Дереккөздер
Санат:16 қыркүйекте туғандар Санат:1928 жылы туғандар Санат:Таразда туғандар Санат:1974 жылы қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербург көркемсурет институты түлектері Санат:Қазақстан кескіндемешілері