Сұр аю, гризли () – аюлар тұқымдасына жататын қоңыр аюдың бір түр тармағы, өте зор, сүтқоректі жыртқыш хайуан.
Денесінің ұзындығы 2,5—2,75 м, тірілей салмагы 500 кг-ға дейін барады. Солтүстік Американың тауларындағы ну ормандарда болады. Өсімдіктердің жемісімен, тамырымен, шөбімен, насекомдармен, олардың личинкаларымен, ұсақ аңдармен, құстармен қоректенеді. Қыста ұйықтайды. Ел мұны еті мен терісі үшін аулайды.Т. Мұсақұлов, Орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік, І-том. Қазақ мемлекеті баспасы, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Дереккөздер
Санат:Аюлар