Магнит өрісінің кернеулігі (H) Магнит өрісінің кернеулігі (H) — магнит өрісінің сандық сипаттамасы болып табылатын векторлық шама. Ол ортаның магнит қасиетіне тәуелді болмайды. Вакуумда Магнит өрісінің кернеулігі (H) мен магниттік индукция (В) сәйкес келеді, яғни Н=В. Магнит өрісінің кернеулігі (H) мен магнит индукция (В) арасындағы байланыс былайша өрнектеледі: Н=В–4J (бірліктердің СГС жүйесінде) Н=(В/0)–J (бірліктердің халықаралық жүйесінде), мұндағы J — ортаның магниттелу векторы 0 — магнит тұрақты. Егер ортаның магнит өтімділігін енгізсе, онда изотропты орта үшін бірліктердің халықараралық жүйесінде (СИ): Н=В/0. СИ жүйесіндегі Магнит өрісінің кернеулігінің өлшем бірлігіне — А/м, СГС жүйесінде — эрстед (Э) алынады; 1А/м=410–3Э 1,25610–2 Э.
Пайдаланған әдебиет Қазақ энциклопедиясы