Өндіріс — Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы, Бидайық ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Кішкенекөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 51 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 788 адам (404 ер адам және 384 әйел адам) болса, 2009 жылы 472 адамды (230 ер адам және 242 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланған. 1977-1997 жылдары бұрыңғы Көкшетау облысы Қызылту ауданына қарасты астық өсіретін кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде 1997 жылы Өндірісте ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы құрылды.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Уәлиханов ауданы елді мекендері