Клавдия Григорьевна Петрова (6.11.1916 жылы тулған, Ресей, Саратов облысы Вольск ауданы) – медицина ғылымының докторы (1978), профессор (1980). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1939 Саратов мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1979 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. Ғылыми еңбектер 100-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 6 методикалық нұскаудын және оку-методикалық қоралдарының авторы.1974 ж. «Этнологический аспект нефритов у детей» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Нефриты у детей (1979); Классификация гломерулонефрита (1974).Негізгі ғылыми еңбектері балалар нефрологиясы мәселелеріне арналған. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған."Қазақ энциклопедиясы" Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Денсаулық