Магниттік кедергі Магниттік кедергі — магниттік тізбектің сипаттамасы; Магниттік кедергі (Rm), магнит тізбекте әсер ететін магнит қозғаушы күш (F) пен тізбекте пайда болған магнит ағынның (Ф) қатынасы арқылы өрнектеледі. Магнит тізбектің біртекті учаскесінің (бөлігінің) Магниттік кедергісі Rm=l/0.S формуласымен өрнектеледі, мұндағы l және S — магнит тізбек учаскесінің ұзындығы мен көлденең қимасы  — тізбек материалының салыстырмалы магнит өтімділігі 0 — магниттік тұрақты. Әр текті магниттік тізбектің (l, S,  шамалары әр түрлі біртекті учаскелер тізбегінен тұратын) Магниттік кедергісі тізбектегі біртекті учаскелердің Магниттік кедергілерінің қосындысына тең. Магниттік кедергінің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшем бірлігі А/Вб (ампердің веберге қатынасы), СГС жүйесінде Гб/Мкс (гильберттің максвеллге қатынасы) алынған. 1А/Вб=410–9Гб/Мкс 1,256610–8 Гб/Мкс.

Пайдаланған әдебиет Қазақ энциклопедиясы