Қалқамантұз – Ертіс алабындағы көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігі аумағында орналасқан. Теңіз деңгейінен 108,6 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 12,6 км2, ұзындығы 5 км, енді жері 3,6 км, жағалау бойының ұзындығы 16,6 км. Солтүстік, шығыс және оңтүстік жағалаулары жарлы, биіктігі 5-6 м, ал батыс жағалауы жазық. Ең терең жері 0,6 – 0,8 м. Көл жағалауы жайылым ретінде пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ақсу қалалық әкімдігі көлдері Санат:Ертіс су алабы