Отырар ауылдық округі – Түркістан облысы Отырар ауданындағы әкімшілік бірлік.
Географиялық орны Отырар ауылдық округі ауданның шығыс бөлігінде орналасқан. Округ аумағымен Арыс өзені ағып өтеді. Тарихи археологиялық мәні бар Тоқайтөбе, Ақтөбе, Жалпақтөбе, Қоңыртөбе, Мәслихаттөбе, Алтынтөбе, т.б. археологиялық ескерткіштер бар. Округтен Орынбор—Ташкент (Қазақстан темір жолы) және Төрткөл—Темір, Темір-Отырар, Арыстанбаб—Түркістан, Шәуілдір—Шойманов автомобиль жолдары өтеді.
Тарихы Іргесі 1946 жылы Бөген аудандық кеңесі болып құрылған. 1950 жылы Отырар аудандық кеңесі болып өзгертілді. 1994 жылдан казіргі атымен аталады. Жер аумағы 0,79 мың км2. Округте 1957 жылы құрылған қаракөл қойын өсіретін "Арыс" кеңшары болған. Кеңшар негізінде ауданда 18 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2 акционерлік қоғам, май сығатын цех, 631 шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Әкімшілік құрамы Округке Арыс, Молыке Шойманов ауылдары қарайды. Орталығы — Арыс ауылы.
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Арыс ауылы2984 3572 119,7 1534 1865 121,6 1450 1707 117,7 Молыке Шойманов ауылы 1105 1045 94,6 561 536 95,5 544 509 93,6 Жалпы саны 4089 4617 112,9 2095 2401 114,6 1994 2216 111,1
Инфрақұрылымы Ауылдарда 3 орта, 1 негізгі, 1 бастауыш мектеп, отбасылық емхана, 4 фельдшер-акушерлік пункт, 3 клуб, 4 кітапхана, 2 пошта бөлімшесі, 2 монша бар.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2Қазақ энциклопедиясы Х том
Дереккөздер
Санат:Отырар ауданы ауылдық округтері