Дулат Сейітжанұлы Полымбетов (1945 жылы туған, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қарсақпай кенті) – медицина ғылымының докторы (1990), профессор (1992).

Найман тайпасынан шыққан.

1969 Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1969-1971 Орталық Азия әскери округінде жылжымалы медициналық жедел-жәрдем басшысы 1974-1994 Қазақ ұлттық медициналық университетінде аспирант, кіші ғылыми қызметкер, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі 1994 жылдан Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институтында директордың орынбасары қызметін атқарады. Ғылыми еңбектер 1989 ж. «Простаноиды при инфаркте миокарда и его осложнения» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы."Қазақ энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:1945 жылы туғандар