Қалыңқанат () – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Өсетін жері Қазақстанда таудың тасты және қиыршықтасты беткейлерінде, сор топырақты, құмбалшықты жерлерінде кездесетін 3 түрі (гүлдес Қалыңқанат, қысқааяқ Қалыңқанат және сабақты Қалыңқанат) бар. Бұлардың ішінде жиі кездесетіні – сабақты Қалыңқанат (Pachypterygium multicaule).

Ботаникалық сипаты Биіктігі 10 – 25 см, сабағы бұтақты. Тамыр түбінен шығатын жапырақтары ұзынша, доғал, сабақ бойындағылары – қандауыр тәрізді, үшкір. Тостағанша жапырақшалары жұмыртқа немесе қандауыр тәрізді, күлтелері ұсақ, ұзынша. Гүлдері сары түсті, шашақ гүлшоғырына топталған. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – ұзынша, эллипс тәрізді бұршаққын.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім

Дереккөздер

Санат:Қазақстан флорасы Санат:Орамжапырақтар