Қанай, Дресвянка – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 48 км, су жиналатын алабы 1,3 мың км2.
Бастауы Бастауын Қалба жотасының солтүстік беткейінен алып, Новоодесское ауылынан төменде Ертіс өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы арнасы аласа таулық сипатта, ортасы – қырқалы-төбелі, төменгі арнасы сайлы-жыралы келген. Жағалауларының басым бөлігі тік жарқабақты. Қанайдың ірі салалары: Бұрсақ, Маймекен, т.б. Суы қарашаның 2-онкүндігінде қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде ери бастайды.
Өсімдігі Жағалауында қайың, терек, тал, т.б. ағаштар өскен. Суын ауыз суға және шаруашылыққа пайдаланады. Өзен балыққа бай.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлімОтырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Ұлан ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы