Қандыарал – Сырдарияның жайылмасындағы көл.
Географиялық орны Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Тақыркөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы, сипаты Аумағы 0,7 км2. Көлдің айналасы тораңғылды-жиделі тоғай, су жиегі қопалы-қамысты, батпақты. Суы тұщы, биологиялық алуан түрлілігі мол. Балықтың сазан, торта, жыланбас балық, алабұға, шабақ, т.б. түрлері кездеседі. Көктемде көл айдыны маусымдық құстарға толады. Құстардан аққұтан, сарықұтан, бірқазан, қасқалдақ, үйрек, т.б. ұшырасады. Көлден балық аулау, өсіру қолға алынған.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жаңақорған ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы