Кәкім Әбдіқадыров (10 шілде 1920, Төбе ауылдық кеңесі, Сырдария ауданы, Қызылорда облысы, Қазақ АКСР, КСРО — 1 қараша 1978, Төбе ауылдық кеңесі, Сырдария ауданы, Қызылорда облысы, Қазақ КСР) – соғыс ардагері, Даңқ орденінің толық иегері (1942 – 43). 2-дүниежүзілік соғысқа басынан аяғына дейін қатысқан. Ленинград майданы құрамында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласын қорғауда 2 рет ауыр жарақат алған. Соғысты Прага қаласында аяқтаған. Бірнеше медальдармен марапатталып, 4 рет Жоғарғы Бас қолбасшыдан алғыс алған. Соғыстан кейін халық шаруашылығында еңбек еткен.
Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”,
Санат:1920 жылы туғандар Санат:1978 жылы қайтыс болғандар Санат:Даңқ орденінің иегерлері