Кепілдік міндеттеме —
борышкерден тиесілі соманың уақытылы төленуін қамсыздандыру үшін кепілгер несиегерге беретін құжат. Оның қолданылу күші кепілдік хатта көрсетілген бүкіл сома төленгеннен кейін тоқтатылады; жеткізілген тауардың (көбінесе, жабдықтың) келісімшарт талаптарына сай келетінін қуаттайтын құжат. Онда сатып алушы пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда жабдықтың кідіріссіз жұмыс істейтіні жөнінде жеткізушінің кепілдігі мазмұндалады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер: