Григорий Михайлович Презент (1941 жылы туған) – техника ғылымының докторы (1998), профессор ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкері. 1962 Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген. Қарағанды алабында 14 жыл телім бастығы, Костенко атындағы шахта директорының орынбасары, бас инженер, шахта директоры 1989-1996 Бас директоры 1996 жылдан «Испат-Кармет» (қазіргі «Миттал Стил Теміртау») ашық АҚ көмір департаментінің атқарушы директоры болды. инженері, техн. ғыл. докторы (1998), профессор.

Марапаттар Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978) Министрлер Кеңесі сыйлығын алған. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.«Шахтер даңкы» белгісінің толық иегері Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 "Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер</span>