Николай Владимирович Радостовец (15.12.1955 жылы туған, Алматы қ.) – экономика ғылымының докторы (1989). 1976 Алматы халық шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ экон. университеті) бітірген. 1976-1991 Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Экономика ғылыми-зерттеу институтында экономист, кіші ғылым қызметкер, ғалым-хатшы, сектор меңгерушісі 1991-1996 ҚР Антимонополия саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетті төрағасының орынбасары 1996-1997, 1997-1998 ҚР Баға және антимонополия саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы 1997 ҚР Сауда және экономикалық вице-министрі 1998 ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде комитет төрағасы 1998-1999 министрі 1999-2000 ҚР Еңбек және әлеумет қорғау министрі 2001-2003 Еуразия өнеркәсіп ассоциациясының төрағасы, вице-президенті 2003 жылдан Қазақстан экспортерлері ассоциациясының төрағасы қызметін атқарады. Ғылыми еңбектер 1989 ж. «Трудовая активность: природа и социально-экономический механизм реализации'» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады."Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер</span>

Санат:Қазақстан еңбек министрлері