Ғабдұлман Матов (1914, бұрынғы Орал облысы Жәнібек ауданы — 1942, Харьков қ. маңы) — дирижер, домбырашы, сазгер, Қазақтың халық аспаптары оркестрінің негізін қалаушылардың бірі.

Ол жасынан Құрманғазы, Мәмен, Түркеш, Мүсірәлі, Сейтек, Соқыр Есжан, т.б. өнерпаздардың күйлерін домбырада шебер орындаған. 1934 ж.Алматыда өткен халық өнерінің Бүкілқазақстандық 1-слетіне қатысып, күйшілік өнерімен көзге түсті. Матов халық аспаптар оркестріне домбырашы болып қабылданып, кейінірек көмекші-ассистент дирижері, домбырашылар тобының концертмейстрі болды. 1935 ж. Балқаш қалсында, ал 1939 ж. Қарағанды қаласында халық аспаптар оркестрлерін ұйымдастырды. Ол “Қарабас” “Жастық шақ” атты күйлер “Отан үшін” “Біз жеңеміз” “Туған жер”, т.б. әндерді шығарған.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:1914 жылы туғандар Санат:Жәнібек ауданында туғандар Санат:1942 жылы қайтыс болғандар Санат:Харьков облысында қайтыс болғандар Санат:Қазақстан дирижерлері Санат:Домбырашылар Санат:Қазақстан сазгерлері