Евгений Густавович Раузин (1939 ж.т., Алматы) — ауыл шаруашылығы ғылымы докторы (1989). 1961 Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген соң ҚР Ғылым министрлігі Ғылым Академиясының жүзім және жеміс ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Ғылыми еңбектері 1988 жылы «Освоение и использование горных земель Юго-востока Казахстана под многолетние насаждения» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 80-нен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы.

Дереккөздер

Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары