Аймағамбетов Майлыбай Аминұлы (1944 жылы Түрікменстан, Түрікменбашы ауданында, Омарата кентінде туды - 2015 жылы Ақтауда қайтыс болды) – инженер-электрик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі, ТМД-ға еңбек сіңірген энергетигі.
Өмірбаяны ҚазПТИ-ді (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1970). 1963 – 1965 жылдары «Қазақстанмұнайгаз» бірлестігінде жүргізуші-оператор. 1974 – 1982 жылдары Бүкілодақтық «Одақгазөңдеу» бірлестігіне қарасты Қазақ газ өңдеу з-тының энергиямен жабдықтау цехының бастығы, бас энергетик, 1982 – 96 жылдары «Маңғышлақ электр желілері» кәсіпорнының директоры болды. 1996 жылдан бастап «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ-ның президенті.
Марапаттары мен атақтары «КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі» (1981), РАҚ БЭЖ-нің «Құрмет белгісі», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен (2005) марапатталған. 2006 жылдан Ақтау қ-ның құрметті азаматы.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан энергетиктері