Күләш Әсімова (1950, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылы – , сонда) – атақты күрішші, еңбек ардагері, мемлекеттік қайраткер.

Өмірбаяны 1968 жылдан бастап «Тереңөзек» күріш кеңшарында күрішші болып еңбек етті. Дала академигі Ыбырай Жақаевтың ізбасары атанып, күріш өсіруде жоғары технологияларды меңгерді және жыл сайын мол өнім жинап, рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді. 1975 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.«СЫР ЕЛІ. Энциклопедия» / Бас ред. Б.С. Каримова. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023.

Марапаттары Еңбектегі жоғары көрсеткіштері мен мемлекеттің экономикасына қосқан үлесі үшін бірнеше мәрте мемлекеттік марапаттарға ие болды: Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Құрмет Белгісі ордені

Дереккөздер

Санат:Күрішшілер Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары