Тахтаброд (Тоқтыболат) — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл, Тахтаброд ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 81 км-дей жерде, Көкшетау қыратының батыс жағында орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1838 адам (880 ер адам және 958 әйел адам) болса, 2009 жылы 1459 адамды (712 ер адам және 747 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1903 жылы қаланған. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінен бастап 1957 жылға дейін ұжымшар, 1957-97 жылдары өзімен аттас кеңшар мен ауылдық кеңестің орталығы болды. Кеңшар негізінде “Тахтаброд – 1” ЖШС ұйымдастырылды.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ғабит Мүсірепов ауданы елді мекендері