Ашықтұқымдылар (Gymnospermae) — жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ірі тобының бірі. Мұның тұқымы мен тұқым бүрі — жабықтұқымдылардікі сияқты емес, олар аналықпен жабылмай, жеміс жапырақшасында ашық жатады. Бұларда гүлсеріктер, (гүлқоршаулар) болмайды.

Ерекшеліктері

Ағаштар, сирек бұталар Сабағында қабығы, сүрегі және анық байқала бермейтін өзегі болады Қабығы мен сүрегінде шайыр жолдары болады Сүректердің тамыры болмайды, ол түтікшелерден тұрады Жылдық сақиналары анық көрінеді Ересек өсімдік — спорофит Гаметофит қатты редукцияға ұшыраған Спора тасушы өскіндер — аталық және аналық бүрлер Гүлдері мен жемістері жоқ

Тіршілік ортасына бейімделуі

Тамыр жүйесі жақсы дамыған Мәңгі жасыл өсімдіктер Қылқандар — ине тәрізді немесе қабыршақты жапырақтар, олар судың булануын азайтады Инелілер сірқабықпен қапталған және жапырақ тұлпасына батып орналасқан лептесіктері аз болады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев

Санат:Ашықтұқымдылар