Миссенс-мутациялар - геномда бір нуклеин негізінің алмасуымен байланысты пайда болған мутациялар. М.-м. сәйкес вирус белогінің тиісті жерінде аминқышқыл алмасуын туғызады. Бұл мутацияларды көбінесе зақымданған белоктарды зерттеу әдісімен тура табады және сол белоктардың қасиетін зерттейтін қосалқы әдіспен де анықтайды. М.-м,- дың өте жақсы зерттелген түрі — температураға сезімтал және суыққа бейімделген миссенс-мутанттар.Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
Дереккөздер
Санат:Медицина Санат:Вирусология Санат:Иммунология Санат:Генетика Санат:Молекулалық биология