Грек тілі (өзін-өзі атауы: ) – үндіеуропалық тілдердің грек тобына жататын тіл. Бұл тіл дүние жүзінде 14 миллионға жуық адамның ана тілі, олардың көпшілігі этникалық гректер, сонымен қатар Грецияның өзінде оны арумындар, мегленорумындар, сығандар, славяндар және албандар топтары сөйлейді. Грек тілінің жазба тарихы шамамен 3,5 мың жылды құрайды және жеке тілдер болып саналатын кезеңдерге бөлінеді: микен, ежелгі грек, византиялық және заманауи грек. Қазіргі нұсқасы Грекияда, сондай-ақ Кипр Республикасында ресми болып табылады, өйткені диаспора тілін оңтүстік Албанияда, Аустралияда, Канадада және АҚШ-та гректер пайдаланады.

Жаңа заманда, ғылыми жаңалықтар ашылған тұста грек тілі латын тілімен бірге халықаралық лексикаға негіз болған ғылыми-техникалық терминдердің жасалу көзіне айналды. Грек сөздері қазақ тіліне араб, парсы, орыс сөздері арқылы енген. Мысалы: әліпби (ежелгі грек. ἀλφάβητος), тылсым (ежелгі грек τέλεσμα), мәрмәр (ежелгі грек μάρμαρος) және тағы басқа.

Жазу Грек тілінің алғашқы жазба ескерткіштері б.з.б. XIV-XII ғасырларға жатады және крит-микен жазуында жазылған. Грек әліпбиі финикия жазуы негізінде пайда болды, оның ең алғашқы ескерткіштері б.з.б. IX-VII ғасырларға жатады. Грек алфавитінен кейін латын және кириллица әліпбилері пайда болды.

Қазіргі грек әліпбиі 24 әріптен тұрады: ΑαΒβΓγΔδΕεΖζΗηΘθΙιΚκΛλΜμальфабетагаммадельтаэпсилондзетаэтатетайотакаппалямбдамюΝνΞξΟοΠπΡρΣσ/ςΤτΥυΦφΧχΨψΩωнюксиомикронпиросигматауипсилонфихипсиомега Грек алфавитінің таңбалары ғылымда жиі қолданылады, мысалы, физикада физикалық шамаларды белгілеу үшін, математикада айнымалылар, коэффициенттер, тұрақтылар және амалдар, химияда органикалық қосылыстарды белгілеу және т.б.

Дереккөздер Санат:Грекия тілдері