Дентин (dentinum, лат. dens — тіс) — тістің негізін құрайтын, өзіне тән құрылысы бар сүйек ұлпасы. Дентин жасушалары (одонтобласттар) — денетинді сүйек ұлпасының астында, тіс жұмсағымен (пульпа) шекаралас орналасады. Одонтобласттардың жіпше келген жіңішке өсінділері дентин түтікшелерінде орналасады. Адам мен жануарлар тістерінің түрлеріне байланысты дентинді сыртынан не эмаль (кіреуке), не цемент, бол-маса екеуі де қаптап жатады.Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Дереккөздер
Санат:Тістер