Аллювиал сулары (Аллювиальные воды; лат. аlluvіо — үйінде, тасынды) — өзен аңғарларында жиналған борпылдақ шөгінділердің қуыстарында қалыптасқан сулар. Мұндай сулар арынсыз болады да, деңгейі өзендегі су деңгейінің маусымдық ауытқуына байланысты өзгеріп отырады. Аллювиал сулары — халық шаруашылығында пайдаланылатын негізгі су көздерінің бірі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы