ГАББРОИДТЕНУ — бұрын жасыл-тасты өзгерістерге ұшыраған таужыныстардың метасоматоз процестері салдарынан қайталап өзгеруі нәтижесінде габброидтер түзілу мүмкіндігі туралы жорамал атауы. Бұл мүмкіндік әзірге ғылыми тұрғыдан дәлелденген зандылық емес, болжам дәрежесінде қалып отыр.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

Дереккөздер

Санат:Геология