Таңдама (Выборка; retrieval fetching) 1) мәліметтерді сыртқы жадтан негізгі жадқа қайта жазу; 2) мәліметтерді негізгі жадтан жұмыс регистріне немесе компютердің арифметикалық-логикалық құрылғысына беру. Артық таңдамалау (Избыточная выборка; supersampling) — компьютерлік графикада — тандама бір пиксельдің қалыптастырылуы таңдаманың бірнеше торын есептеумен жүзеге асырылады. Деректер станциясын таңдамалау (Выборка станции данных; selection) — бағынышты деректер станциясын хабарлар қабылдауға шақыру процесі. Деректерді таңдамалау (Выборка данных; data retieval) — файлдан немесе деректер базасынан мәліметтерді іздеу және оқу процесі. Таңдама уақыты (Время выборки; time of samples) — құрылғыға келген сұратуды өңдеуден бастап сұратылған мәліметтерді одан қабылдап алғанға дейінгі уақыт. Меню пунктін таңдау (Выбор пункта меню; menu selection) — пайдаланушының дисплей экранындағы меню арқылы жүйенің көрсетуіндегі жұмыс түрлерінің бірін таңдауы. Әдетге, меңзерді жылжытумен, варианттың нөмірін терумен, атын енгізумен және т.б. әдістермен жүзеге асады. Стандартты таңдау (Стандартный выбор; default option) — жүйенің стандарттық мәндерді таңдап, оны айқындалмаған пайдаланушының деректер атрибутына беруі. Үздіксіз таңдау (Непрерывный выбор; continuous branching) — қ. Үздіксіз тармақталу (қ. Тармақталу). Шартсыз таңдау (Безусловный выбор; default option) — операциялық жүйеде (ОЖ) пайдаланушының көрсетуінсіз басқарушы немесе өңдеуші программаның таңдайтын ақпараты. Таңдау әдісі Таңдау әдісі (Метод выбора; selection method) — белгісінің мәні ең кіші (ең үлкен) элементті іздестіруден, оны бірінші элементпен ауыстырудан және ең үлкен (ең кіші) бір элемент қалғанша осы процедураны басқа п-1 элементтер үшін қайталаудан тұратын реттеу әдісі. Таңдау әрпі Таңдау әрпі (Буква выбора; selection letter) — меню атындағы асты сызылған әріп; пернетақтадағы сол әріпті Alt пернесімен қатар басатын болсақ, осы меню командасы іске қосылып, ол активті күйге көшеді. Көбінесе меню атындағы таңдау әрпі басқа әріптерден айқын боялып немесе асты сызылып көрсетіледі. Таңдау механизмі Таңдау механизмі (Механизм выборки; access mechanism) — таңдау тетіктерінің тобы болып саналатын және белгілі бір цилиндрге жазу-оқу бастиегін орнатуға арналған магниттік дискідегі жинақтағыш тораптар. Таңдау операторы Таңдау операторы (Оператор выбора; case statement) — программадағы таңдап алынған белгіге, мәнге немесе меню пунктіне сәйкес келесі орындалатын әрекеттердің тізбегін анықтайтын баскару операторы. Тандау уақыты Тандау уақыты (Время выборки; uccess time) — мәліметтердің есте сақтау құрылғысынан оқыла басталуы мен берілу операциясы аралығындағы уақыт.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника