Офиолит — бұл Жердің мұхиттық қыртысы мен оның астындағы жоғарғы мантияның көтеріліп, жер бетіне шыққан бөліктері. Көбінесе офиолиттер құрлықтық қыртыс жынстарының үстіне орналасады (ысырылады). нобай|Офиоліттік кешеннің қарапайым сызбасы Магма ошағы Пелагиалдық шөгінділер Пиллоу-лава Параллель дайкалар кешені Интрузивті қабатталған габбролар Дуниттер/перидотиттер Офилиттер — ультранегізді-негізді интрузиялық (периодиттер, серпентиниттер, габбролар және т.б.), негізді эффузиялық (базальттар, диабаздар, спилиттер; некен-саяқ және аз мөлшерде кератофирлер ұшырасады) және пелагиалдық шөгінді таужыныстардың ұдайы бір-бірімен орайлас ұшырасатын кешені.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. іSВN 5-7667-8188-1 іSВN 9965-16-512-2

Қазақстан аумағында бірнеше офиолит кешендері бар. Олардың қатарында Кемпірсай, Тектұрмас, Шу, Шар офиолиттері кіреді.Степанец В.Г. Геология и геодинамика офиолитов Центрального Казахстана. – Караганда, 2015. – 362с. ISBN 978-601-296-837-8

Офиолиттердің пайда болуы Офиолиттер орогендік аймақтарда кең таралған.Ben-Avraham, Z., (1982) Негізгі ерекшеліктері мен құрылымы сипатталған, және белгілі болса да, ғылыми ортада офиолиттердің қабаттарының қалыптасуы мен құрлықтық қыртыстың үстіне ысырылуы туралы ортақ пікір жоқ.

Дереккөздер

Санат:Мұхиттану Санат:Тақталар тектоникасы