thumb|right|Н.И, Крутильников. "Пейзаж". 1930 жылы Николай Иванович Крутильников (4.11.1896, Ресей, Киров облысы Калинин село – 13.4.1961, Алматы) – кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі (1954). Қазан сурет училищесін бітірген (1916). 1921 жылдан Қазақстанда тұрады. 1921-24 жылдары Семей театрының суретшісі, көркемсурет студиясының ұйымдастырушысы әрі жетекшісі болды. 1928-29 жылдары республикада тұңғыш ұйымдастырылған көшпелі сурет көрмесіне белсене араласты. 1938-56 жылдары Алматы сурет училищесінде ұстаздық етті. Негізгі еңбектері: Қарағанды мен Балқаш кен орындарындағы еңбек адамдарының топтама суреттері (акварель, 1934-47), Д.Макаев (1951), Ж.Жабаев (1957) портреттері, "Балқаштың әйгілі мыс қорытушылары" (1935), "Балқаш стахановшылары" (1953), "Марқакөл пейзажы" (1953).Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:1896 жылы туғандар Санат:1961 жылы қайтыс болғандар