Забаштаньский Владимир Омелянович (1940 ж. т.) - украин халық ақыны, аудармашы. Шығармалары 1960 жылдан жарияланып келеді. «Адамдарға сенім», «Дала иісі», «Жарқын өмір», «Дегеніңе жете біл»т. б. Кітаптарымен украин оқырманына жақсы таныс. 1974 ж. «Дніпро»баспасынан жарық көрген «Абай Құнанбаев» жинағына енген ақынның «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Көзімнің қарасы...», «Жастықтың оты, қайдасың...», «Жастықтың оты жалындап...», «Адамның кейбір кездері» атты өлеңдерін украин тіліне аударған. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Дереккөздер

Санат:Соцреалист-жазушылар